Жарғы

Павлодар облысы

қаржы басқармасының бұйрығымен

2008 жылы _____________

_______ бекітілген

«Павлодар облыстық арнайы

медициналық жабдықтау базасы » мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік мекемесі «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» (бұдан әрі — Мемлекеттік мекеме) облыс халқына төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек және мүлік резервісін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

2. Павлодар облысы әкімдігі мекеме атынан Мемлекеттік мекемеге қатысты облыстық коммуналдық субъектісінің жүзеге асыратын орган, сондай-ақ оның құрылтайшысы (бұдан әрі — Құрылтайшы) болып табылады.

3. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі — Мемлекеттік басқару органы) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады.

4. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдар туралы, өзге де нормативтік құқық актілеріне, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, бұйрықтарына мемлекеттік басқару Органының, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. 5. Мемлекеттік мекеменің толық атауы мемлекеттік тілде: «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік мекеменің толық атауы орыс тілінде: Государственное учреждение «Павлодарская областная база специального медицинского снабжения»

6. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 104011, Павлодар қаласы Қамзин көшесі, 33А үй.

7. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: сағат 09.00-ден 18.00 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

2. Заңды мәртебесі

8. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы,банктерде есеп шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, тиісті мөртабандары мен бланкілері бар.

9. Мемлекеттік мекеме өз атынан мүліктік және жеке құқықтарды сатып алуға, міндеттерді атқаруға, сотқа талапкер және үшінші тұлға болуға құқылы.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары мен мәні

10. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) әлеуметтік міндеттерді шешу облыстың ересек тұрғындары мен балалардың денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау; 2) облыс халқына төтенше жағдайда жедел медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек медициналық мүлік резервісімен қамтамасыз ету Мемлекеттік мекеме қызметтерінің мақсаты болып табылады.

11. Мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады: 1) медициналық ұйымдар үшін санитарлық-шаруашылық пен арнайы мүлікті қорғау және сақтау, бейбітшілік және соғыс кезінде төтенше жағдайдалар салдарын жою жөніндегі медициналық қызметті қалыптастыру; 2) статистикалық есептерді ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

4. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

12. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындылатын қызметінен босатылатын директор Мемлекеттік мекеменің басшысы болып табылады.

13. Директор Мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және Мемлекеттік мекемеге міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін жауап береді.

14. Директордың орынбасары мен бас бухгалтерді Мемлекеттік мекеменің директорының ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

15. Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаттары негізінде әрекет етеді және Мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген құзіретіне сәйкес дербес шешеді.

16. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке құқылы: Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасауға; Барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге;

Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік мекеме мүлкіне иелік етуге;

Шарттар жасауға, сенімхаттар беруге және қаржыландырудың қажетті есеп шоттарын ашуға; Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындау үшін, міндетті бұйрықтар шығаруға және нұсқаулар беруге;

Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасауға және бұзуға;

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген ынталандыруды, материалдық қызмет көрсетуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асыруға;

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерімен өкілеттерін белгілеуге құқылы;

17. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметіне директор мен бас бухгалтер жауап береді;

18. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындаған кезде лауазымдық нұсқауларды, Ішкі тәртіп ережелерін және ұжымдық шартты басшылыққа алады.

19.Мемлекеттік мекемес мүліктің құралу тәртібі және қаржыландыру қызметін жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік мекеме мүлкі оған мемлекет табыстаған мүлік есебінен құрылып, негізгі және айналымдағы қаражаттардан ұйымдар мен азаматтардың өтеусіз және қайырымдылық жарналарынан, сондай-ақ міндеттерді орындау және функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.

21. Мемлекеттік мекеме оған жедел басқару құқығында бекітіледі және облыстық коммуналдық меншікке жатады.

22. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

22. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді.

23. Мемлекеттік мекеменің қаржылық – шаруашылық тексеру жүргізуді және ревизия жүргізуді Мемлекеттік басқару органы тиісті мемлекеттік органдар өз құдіретінің шегінде жүзеге асырады.

6. Еңбек ұжымы

24. Мемлекеттік мекеменің еңбек ұжымын жасасылған еңбек шарттарының, сондай-ақ Мемлекеттік мекеме өз қызметкерлерінің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттарының негізінде оның қызметіне өз еңбегімен қатысатын барлық азаматтарды құрайды.

7. Филиалдары мен өкілдері

25. Мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

8. Өзгерістер мен толықтырулар тәртібі

26. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасында белгіленген тәртіпте енгізіледі.

9. М емлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жағдайлары

27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату облыс әкімдігінің актісі негізінде жүзеге асырылады.

28. Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе Мемлекеттік мекемені тарату қайта ұйымдастыру және Құрылтайшының келісімі бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

29. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамалық актілер және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен қаралған негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

30. Таратылған Мемлекеттік мекеменің кредиторлардың тараптары қанағатандырылғаннан кейін қалған мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.

31. Таратылған Мемлекеттік мекеменің кредиторлардың тараптары қанағатандырылғаннан кейін қалған ақшалай қаражатты (осы мекеменің мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда) облыстық бюджет кірісіне аударылады.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа